Қысқы каникул кезінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» акциясы бойынша «Мен оқыған бір ертегі» атты құрастыру ойыны мектебіміздің 1,3 сынып оқушыларымен өткізілді. Оқушылар берілген ертек қиындыларынан ертектер құрастырып шықты, ертегінің атын атап , кейіпкерлерге шолу жасап берді. Мектеп кітапханасында алдағы уақытта да әртүрлі іс-шаралар өткізілу жоспарда бар.

 

Қысқы каникул кезінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» акциясы бойынша «Үнемі оқитын адам- табысты адам» атты ой бөлісу сағаты өтті. Кешке 9 сынып оқушылары шақырылды. Олар 3 топқа бөлініп берілген тапсырмаларды орындады.

 

Желтоқсан айында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алғанынан бастап бүгінге дейін жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері қамтылды. Көрмеге кітаптар топтамасы мен көрнекі материалдар қойылды.

 

Желтоқсан айында «Абай – мәңгілік тақырып» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Абайтану әліппесімен» таныстырылды, Абай Құнанбаевтың өмірі жайлы видеоролик көрсетілді.Мақсаты: оқушыларға Абай атамыз жайлы мағлұмат беру, кітаптарымен таныстыру, оқушылардың Абай өлеңдеріне деген қызығушылығын арттыру болды.

 

Желтоқсан айында 1 сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасап, кітапханамен танысты. Оларға «оқырман», «оқырман формуляры» деген заттарға түсінік берілді. Оқушылар кітап жайында дайындап, жаттап келген тақпақтарын оқып берді. Сыйлық, есте қалу ретінде оқушыларға «Кішкентай оқырман» деген бейджиктер таратылды.

 

Мемлекетіміздің көк туының авторы Шәкен Ниязбековтың 85 жасқа толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 6 «ә» сынып оқушыларымен кітаптар оқып, «Оқырман күнделігі» толтырылды.

 

«Арқаның асыл перзенті» атты кітапхана сағаты мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен өткізілді. Кітап көрмесіне жазушының шығармалары қойылды. Оралхан Бөкей жайында слайд көрсетілді. 10 сынып оқушылары жазушы туралы дайындап келген материалдарымен бөлісті.

 

«Күзгі каникулда кітап оқимыз» акция барысында 7 сынып оқушысы «Бақытсыз Жамал» романына буктрейлер жасап, инстаграмм желісіне жүктелді.

 

Күзгі каникул кезінде 7 сынып оқушыларымен «Әлемдік мәдениет -кітапханада» атты мәдениет пен кітапхана байланысын балаларға жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Мектеп кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы үнемі өткізіліп тұрады. Мектебіміздің жас ұстазы Нұрлыбай Гүлнұр кітапханаға бірнеше кітап сыйлады.

 

Республика күніне орай «Ұлан байтақ Республикам менің » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тақырыпқа байланысты кітаптар , материалдар қойылды.

 

«Сүйікті бірінші парағым» атты ойын әдісі 6 «а» сынып оқушыларымен өткізілді. Мақсаты: 6 сынып оқушыларының өткен оқу жылында өткен тақырыптарына шолу жасау. Шығармаларды қайталап, авторларын, негізгі кейіпкерлерін, оқиға орнын, кілттік сөздерінестеріне түсіру.ойын соңында «Бұл кітапты алдағы уақытта оқисыз ба?»деген сұраққа жауап берді.

 

Қыркүйек айының ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздің 2 класс оқушыларымен «Үзілісте кітап оқимыз» акциясына байланысты үзілісте кітап оқу жүргізілді.

 

Қобда қазақ орта мектебі мектеп кітапханасы өз жұмысын жоспар құрудан бастады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы жоспары  «Кітапхананың жылдық жоспарына» кіріктіріліп құрылды. Мектеп кітапханасына осы оқу жылында 822 дана кітап келіп түсті. Оның 203 данасы көркем әдебиет кітаптары. Жаңадан келіп түскен көркем әдебиет кітаптарын насихаттау, мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға таныстыру мақсатында «Кел, балалар, оқылық» айдарымен видеоролик түсіріліп, таныстырылды.