Жаңалықтар

26.11.2024 күні мектебімізде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Мектеп директоры Срымова Сания Саматовна оқушыларымызға аудандық кезеңінде сәттілік тілеп, оқушыларға мақтау қағаздарын табыстады.
Оқушыларға аудандық кезеңінде сәттілік тілейміз, облыстық кезеңге жолдама алушы оқушыларымыз көп болсын!!! 💐💐💐💐

                                                                      «Мектепке жол» республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

       Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
         Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорындар, бизнес өкілдерін барынша ат салы суға шақырамыз! Қайырымдылық жасауға асығайық!

 Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жолың болсын, Жас түлек!» атты орта білімі туралы атестат, «Үздік аттестат» және «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгісін салтанатты түрде табыстау шарасы өткізілді. Аталған шарада аудан әкімі І.Тынымгереев түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгісі мен аттестатын табыстады.

Сәт сапар Жас түлек! Көздеген мұрат - мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің, кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Қалаган мамандықтарыңа окуға түсіп, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер!

 

Мектебіміздің түлектері үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп директоры Срымова Сания Саматовна

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2024» номинациясын жеңіп алған бастауыш сынып муғалімі Утемисова Улбия Сарсенгалиевнаны,

«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - 2024 номинациясымен 6 "А" сынып жетекшісін Аралтаева Лия Амангельдиевнаны және

«ҮЗДІК БІРЛЕСТІК - 2024» номинациясын жеңіп алған Бастауыш сынып муғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісін Шукаева Рысгуль Елеусиновнаны марапаттады.

Сонымен қатар, аудандық білім белімінің ұйымдастыруымен "Дарынды оқушыга- талантты ұстаз" байқауының жеңімпаздарын Болатханұлы Еншібай марапаттады. Теребекқызы Диана 2 орын дипломымен жэне Дүйсенбай Райымбек Аманжолұлы Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты жиында Қобда аудандық әкімінің  орынбасары Сұлтанов Айбек Түбекович 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша жетістікке жеткен мұғалімдерді марапаттады. Облыстық білім бөлімінің басшысы С. Жайықтан келген Байдильдин Сабиржан Жакеновичті Алғыс хатпен және аудандық білім бөлімінің, басшысы Т. Әбеннен келген Алүыс хаттарымен Айжариков Серикбай Кабылович, Шабаева Асем Аманкуловна, Нұрлыбай Жандос, Балуанова Асылтас Серікболқызы және Мусина Мейрамгүл Ерханқызы марапатталды.

Сонымен қатар, ауданәкімі І. Тынымгереевтен келген мектеп бітіруші түлектерімізге де Шарипова Фаридаға және Жаксыбаева Аидаға Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиында Қобда аудандық филиалының "Аманат" партиясының төрағасы Сабитов Елик Жолдасбекович 2023-2024 оку жылының қорытындысы бойынша жетістікке жеткен мұғалімдерді марапаттады. «AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Е.Данагуловтан келген Алғыс хаттарымен Ирбулатова Жадыра Жаксылыковна, Орынбасар Ержан Боранбайұлы және Нұрлыбай Гүлнұр Еділқызы марапатталды. Жетістіктеріңіз көп, еңбектеріңіз елеулі болсын!

Қобда қазақ орта мектебінің оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы "Достық" алаңы және "Жазғы мектеп" жобасы жүзеге асырылды. Негізгі пәндерден сабақ кестесі құрылып, жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жүргізілді.

Үзіліс кезінде көңілді ойындар, спорттық эстафеталары өткізіліп, оқушылардың уақыты тиімді ұйымдастырылды.

Тілдік және математикалық алаңдарда қызықты сабақтар, үйірме жұмыстары, "Оқуға құштар мектеп " жобасы ,тренингтер өткізілді.

 

16.06.2022 жылы мектебімізде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіруші түлектерінің аттестат табыстау салтанаты өтті. Биыл мектебімізді 27 түлек бітірді. Оның ішінде 4 «Алтын белгі» иегерлері және 2 «Үздік аттестат»иегерлері. Мектеп бітіруші түлектерге «Ақ жол, сәт сапар, грант иегерлері атануға тілектеспіз». Мектеп бітіру салтанатына: ардагер ұстаздар, қамқоршылық қеңес мүшелері, аудандық білім бөлімінің басшысы және 50 жыл бұрын бітіріп кеткен 1972 жылғы мектебіміздің түлектері қадірлі қонақтарымыз болды. 1972 жылы мектебімізді бітірген түлектер өздерінің білім алған білім ордасына «Хоккейный корт» алаңын салуға ақшалай сыйлық табыстады және 2 жаңа биология және физика кабинеттерінің ашылу рәсіміне қатысты.

2022 жылдың 25 мамыр күні Қобда қазақ орта мектебі білім ордамызда күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. 11 сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, бастауышта төрт жыл білім алып, әліппе мен ана тілді танытқан ардақты алғашқы ұстаздармен қоштасып, орта буынға жолдама ала отырып, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Түлек-2022 "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ" түлектері "Білім алауын" 10 сынып оқушыларына тапсырып, ақ тілектерін ақтарды. Жыл бойы тәртіп пен білімді қатар алып, сабақтарын озат бітірген оқушыларымыз үздіктер қатарына еніп, өте жақсы оқығандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.

18.03.2022 жылы Қобда қазақ орта мектебінің базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айжарыков Нурлыбай Узбекович олимпиада жеңімпаздарын 1,2,3 орын алған оқушыларды марапаттады. Қобда қазақ орта мектебінің 8 оқушысы облыстық кезеңіне жолдама алды.

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Сол себепті, бізді осы өмірге әкеліп, риясыз сезімдері мен ақ адал ниеттері үшін ата-аналарымызға, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызға, мектеп қабырғасында біз үшін қызмет жасап жүрген мектеп ұжымына, сіздерге барлық оқушыларыныздың атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз. 

 

 

Қобда қазақ орта мектебінің оқушылары «Шексіз шығармашылық» байқауына қатысып, марапатталды:
Аманшиев Еламан - 3 "а" сынып, 3 дәрежелі диплом
Байгельдинова Аида - 9 сынып, 3 дәрежелі диплом
Байгельдинова Аида - 9 сынып, 1 дәрежелі диплом
Жасланқызы Фарида - 2 "ә" сынып, 3 дәрежелі диплом
Сағымбаева Аружан, - 5 сынып, сертификат
Тончу Артур – 1 "а" сынып, сертификат
Амантай Айша – 1 "ә" сынып, сертификат
Есаман Еркеназ - 3 "ә" сынып сертификат

Жетекші мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды:
Баекова Н.Б; Истлеуова Б.М., Утемисова У.С – құттықтаймыз!