2022 жылдың 25 мамыр күні Қобда қазақ орта мектебі білім ордамызда күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. 11 сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, бастауышта төрт жыл білім алып, әліппе мен ана тілді танытқан ардақты алғашқы ұстаздармен қоштасып, орта буынға жолдама ала отырып, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды. Түлек-2022 "ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ" түлектері "Білім алауын" 10 сынып оқушыларына тапсырып, ақ тілектерін ақтарды. Жыл бойы тәртіп пен білімді қатар алып, сабақтарын озат бітірген оқушыларымыз үздіктер қатарына еніп, өте жақсы оқығандары үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.