Қобда қазақ орта мектебінің оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы "Достық" алаңы және "Жазғы мектеп" жобасы жүзеге асырылды. Негізгі пәндерден сабақ кестесі құрылып, жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жүргізілді.
Үзіліс кезінде көңілді ойындар, спорттық эстафеталары өткізіліп, оқушылардың уақыты тиімді ұйымдастырылды.
Тілдік және математикалық алаңдарда қызықты сабақтар, үйірме жұмыстары, "Оқуға құштар мектеп " жобасы ,тренингтер өткізілді.