«Мектепке жол» республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2024 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.

       Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
         Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның маңыздылығын ескере отырып, кәсіпорындар, бизнес өкілдерін барынша ат салы суға шақырамыз! Қайырымдылық жасауға асығайық!