Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Сол себепті, бізді осы өмірге әкеліп, риясыз сезімдері мен ақ адал ниеттері үшін ата-аналарымызға, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызға, мектеп қабырғасында біз үшін қызмет жасап жүрген мектеп ұжымына, сіздерге барлық оқушыларыныздың атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп, рақметімізді айтамыз.