Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жолың болсын, Жас түлек!» атты орта білімі туралы атестат, «Үздік аттестат» және «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгісін салтанатты түрде табыстау шарасы өткізілді. Аталған шарада аудан әкімі І.Тынымгереев түлектерге құттықтау сөз сөйлеп, «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгісі мен аттестатын табыстады.

Сәт сапар Жас түлек! Көздеген мұрат - мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешектерің, кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Қалаган мамандықтарыңа окуға түсіп, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер!