16.06.2022 жылы мектебімізде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіруші түлектерінің аттестат табыстау салтанаты өтті. Биыл мектебімізді 27 түлек бітірді. Оның ішінде 4 «Алтын белгі» иегерлері және 2 «Үздік аттестат»иегерлері. Мектеп бітіруші түлектерге «Ақ жол, сәт сапар, грант иегерлері атануға тілектеспіз». Мектеп бітіру салтанатына: ардагер ұстаздар, қамқоршылық қеңес мүшелері, аудандық білім бөлімінің басшысы және 50 жыл бұрын бітіріп кеткен 1972 жылғы мектебіміздің түлектері қадірлі қонақтарымыз болды. 1972 жылы мектебімізді бітірген түлектер өздерінің білім алған білім ордасына «Хоккейный корт» алаңын салуға ақшалай сыйлық табыстады және 2 жаңа биология және физика кабинеттерінің ашылу рәсіміне қатысты.