Кітапхана
Қобда қазақ орта мектеп кітапханасы туралы мәлімет
Білім беру ұйымының ресми атауы: Қобда қазақ орта мектебі
Оқушылар/сынып –комплектілер саны: 19
Кітапхананың құрылған жылы: 2008ж
Пошталық мекен –жайы:031000
E-mail: кobda.kkom@mail.ru
Мектеп басшысының аты-жөні: Срымова Сания Саматовна
Мектеп кітапханашысының аты –жөні: Тасмагамбетова Айгул Успановна
Мектеп кітапханасының материалдық – техникалық базасы.
Қабаты: 2 Жалпы алаңы: 31 кв.м.
Кітапхананың материалдық –техникалық қамсыздандырылуы (стеллаждардың, беру кафедраларының, каталог шкафының, компьютердің, принтердің, сканердің саны): стеллаж-11 (бір жақты - 4,екі жақты (үлкен)-3, екі жақты(кішкентай)-4); беру кафедрасы-1; компьютер- 1; ноутбук-5;принтер -1, түрлі түсті принтер-1; интернет жүйесіне қосылған.
Мектеп кітапханасының кадрлары туралы мәліметтер
Кітапхана штаты : 1
Кітапхана қызметкерлерінің білімі ( оқу орны, мамандығы, бітірген жылы): Ақтөбе педагогикалық институты , орыс тілі пәні мұғалімі, 1990жыл
Кітапхананың қызметкерінің кітапхана жұмысының жалпы өтілі:16 жыл
Кітапхана қызметкерлерінің сол білім беру мекемесіндегі кітапхана жұмысының жалпы өтілі: 6 жыл
Кітапхананың қызметкерлерінің біліктілігін көтеруі (оқыған орын, оқыту нысаны мен тақырыбы, оқыған жылы) : Өрлеу «Білім беру ұйымының ақпараттық -білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың ролі», 2019ж.
Кітапхананың жұмыс графигі
Дүйсенбі-жұма 09.00-18.00
Сенбі, жексенбі демалыс күні.
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.
Мектеп кітапханасы өз жұмысында басшылыққа алады: «Білім туралы Заң», «Кітапхана ісі туралы Заң», «Мектеп кітапханасы туралы ереже». Кітапхананың жылдық жоспары жылдың басында құрылып, мектеп директорымен бекітілген. Жылдық жоспарға сәйкес орындалып, сценарийлері мен хаттамалары жазылып отырады. Кітапхана бөлмелері модернизациядан өткен, толық безендірілген. «Оқырман бұрышы», «Бір ел- бір кітап», «Буккроссинг» бұрышы, «Оқуға құштар мектеп» бұрышы жасақталған. Осы оқу жылының басында кітапханаға кітап беру кафедрасы, көрме сөрелері, теледидар, әртүрлі картиналар келіп түсті.
Кітапханада қазіргі таңда 27185787,84 теңге құрайтын 16135 дана кітап бар. Оның 13045 данасы мектеп оқулықтары, 3090 данасы -көркем әдебиеттер. Биылғы оқу жылында Көркем әдебиеттер қоры өзіндік салалармен бөлінген, сөреге орналасу тәртібі жалпы білім беретін мектеп кітапханаларына арналған сөрелік бөлшектер бойынша алфавиттік жүйеде орналасқан.
Мектеп кітапханасының төмендегі құжаттары бар:
1.Мектеп кітапханасының туралы Ереже
2.Мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары
3.Кітапхана меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығын
4.Мектеп кітапханасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары
5.Мектеп кітапханасы жұмысының жылдық жоспары
6. Мектеп кітапханасы жұмысының жылдық есебі
7.Мектеп кітапханасының нормативтік –реттеуші құжатттары бар пәпкі
8. Кітапхананың негізгі қорының жиынтық есеп кітабы
9.Мүкәммал кітаптары
10. Мүкәммал кітабына жазылуға жатпайын басылымдардың есебі дәптері ( кітапшалар қоры –көлемі 48 парақ дейінгі басылымдар)
11.Оқырмандардан жоғалтқан орнына алынған кітаптардың басқа да құжаттардың есеп дәптері
12. Негізгі әдебиеттердің жеткізілген туралы шоттар накладнойлар көшірмелері бар пәпкі
13. Негізгі кітапхана қорының қозғалысы ( есептен шығару, өткізу және т.б.) актілерінің пәпкісі
14. Кітапхана қорын түгендеу және тексеру жүргізу туралы актілер
15. Мектеп кітапханасының жұмыс күнделігі
16. Библиографиялық анықтамаларды есепке алу журналы
17. Оқулықтардың тапсырыс бланкілерін көшірмесі бар пәпкі
18. Оқулықтар қорының жиынтық есеп кітабы немесе оқулықтардың кітапхана қорының есеп кәртішкілерін тіркеу журналы
19. Оқулықтардың жеткізілген туралы накладнойлардың көшірмелері бар папкі
20. Уақытша сақталатын оқулықтар қорының есеп дәптері
21. Оқулықтар қорының қозғалысы ( есептен шығару, өткізу) актілерінің пәпкісі
22. Оқулықтарды алмастыру есебінің дәптері
23. Сыныптар бойынша оқулықтар беру журналы немесе жеке формулярлар
24. Оқушылардың пәндер бойынша оқу әдебиетімен қамтылуы туралы стастистикалық есеп.
2023-2024 оқу жылында мектепте даярлық топтарды қоспағанда 452 оқушы бар. Мектеп оқушылары оқулықтармен 100 пайыз қамтылған. 2021жылы-1 класс оқушыларына, 2022 жылы -2 класс оқушыларына жаңа оқулықтар келіп түсті.2023 жылы бала санының өсуіне байланысты 6,9 класс оқушыларына сұраныс беру арқылы қосымша оқулықтар алынды. Келесі оқу жылына Аудандық білім бөліміне 3 класс оқулықтарына сұраныс беріліп қойылды.
Оқырмандарды қайта тіркеу,кітап беру күнделік жазбаларына сәйкес келеді. Формулярлар уақтылы толтырылады. Оқырмандар кітапхана қорынан 14 күн мерзімге баспа басылымдарын уақытша пайдалануға алады, кітапханашыдан алынған анықтамалық ақпаратты пайдаланады. Барлық оқушылар мен мұғалімдер "кітапхананы пайдалану ережелерін" сақтайды. Кітапхана оқытушыларға, сынып жетекшілеріне іс-шараларды, сынып сағаттарын өткізуге көмек көрсетеді. Көркем әдебиеттер, өлеңдер іріктеліп, кітап көрмелері рәсімделеді.
Мектеп кітапханасына арнайы баспасөзге жазылуға қаражат бөлінбейді.